Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2009 жылғы 8 мамырдағы отырысы
Үстіміздегі жылдың 8 мамырында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе - еліміздің инновациялық дамуының кейбір мәселелері, нақтырақ айтқанда, қазақcтандық мазмұнды инновациялық жобалар және 2010-2012 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар.
Мәселен, «Қазақстанда сирекметаллды саланың дамуын ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» инновациялық жобасы үлкен қызығушылық тудырды. Қазақстан қазіргі техникада көп қолданыс табатын, олардың өндірісін өзекті және жоғары рентабельді ететін сирек металдың үлкен қорына ие. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанда сирек металдар мен сирек жер элементтері жылына 150 млн. АҚШ долларына өндіріліп, мың жарымнан астам адамды жұмыспен қамтуға болады.
"Жылына 500 мың тонна қуатпен ферросиликоалюминий өндіру бойынша ферроқорытпалы зауыттың құрылысы" (Индустрия және сауда министрлігі «Ұлттық Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу бойынша орталығы» РМК) жобасын орындау нәтижесінде еліміздің ғалымдары әзірлеген технология бойынша ферросиликоалюминий және «Қазақстандық» отандық кешенді қорытпалар өндірілетін болады.
Үлкен мультипликациялық әсерге ие «Қазақстанда күн энергиясы кластерін жасау» инновациялық жобасы да өзекті болып табылады.
Комиссияның талқылауына ұсынылған жаңа ғылыми-техникалық бағдарламалар елдің ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарына сәйкес келеді.
Мәселен, биотехнология саласында «Диагностика, алдын алу және 2010-2012 жылдарға арналған тұмау терапиясы амалдарын әзірлеу, мониторинг жүргізу, зерттеу», 2010-2012 жылдарға арналған «Жылқы тұмауына: эпизоотологиялық бақылау жүргізу, ерекше алдын алу амалдарын және диагностикасын өндеу», 2010-2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» сияқты маңызды жобалар.
Нанотехнология бағыты бойынша 2010-2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында наноғылым және нанотехнологияны дамыту», ақпараттандыру бағыты бойынша - 2010-2012 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында микроэлектрониканың ақпараттандыру-технологиялық базасын және робототехникасын құру» жобалары ұсынылды.
Сонымен қатар, басқа да бағдарламалар қаралды.










