2009 жылға арналған халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шаралар жоспары туралы

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ұйымдары жоспарлаған халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шараларды  үйлестіру және іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған  2009 жылы Министрліктің ғылыми ұйымдары және жоғары оқу орындары өткізетін халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шаралар жоспары  (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
     2. Шығындарды қаржыландыру Жоспарға енгізілген іс-шараларды өткізуге жауапты ұйымдардың және іс-шараларға қатысушылардың қаражаттары есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
     3. Ғылыми ұйымдардың директорлары, жоғары оқу орындарының ректорлары, жауапты орындаушылар Жоспарға енгізілген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және оларды өткізудің қорытындылары туралы Министрлікке уақытылы хабарласын.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.


     Министр                                                                             Ж.Түймебаев