Гранттық қаржыландыру туралы конкурс туралы хабарландыру
2012-2014 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің Ғылым Комитеті Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне сәйкес 2012-2014 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру жөніндегі конкурстың нәтижелері туралы хабарлайды.
Конкурстың жеңімпаздарымен жұмысты орындауға келісім-шарттар (үлгі төмендегідей ұсынылады) Астана қаласы, А.Иманов көшесі 13-үй мекен-жайы бойынша («Нұрсәулет» бизнес-орталығы ғимараты, 710 кеңсе) «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ-да 2012 жылғы 13 ақпаннан бастап кестеге сәйкес рәсімделетін болады.
Келісім-шарттар жасау кестесі
- Елдің зияткерлік әлеуеті - 2012 ж. 13-14 ақпан
- Өмір туралы ғылым - 2012 ж. 14-15 ақпан
- Шикізат пен өнімді тереңдетіп қайта өңдеу - 2012 ж. 16 ақпан
- Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар - 2012 ж. 16 ақпан
- Энергетика - 2012 ж. 16 ақпан
«МҒТС ҰО» АҚ телефондары: - 73-10-58;
ҚР БҒМ ҒК 74-24-58, 74-27-64.
Қосымшалар:
"Елдің зияткерлік әлеуеті" басымдық бойынша тапсырыстар тізімі (жаратылыстану ғылымдар саласында)
"Елдің зияткерлік әлеуеті" басымдық бойынша тапсырыстар тізімі (қоғамдық-саяси ғылымдар саласында)
"Өмір туралы ғылым" басымдық бойынша тапсырыстар тізімі
"Шикізат пен өнімді тереңдетіп қайта өңдеу" басымдық бойынша тапсырыстар тізімі
"Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар" басымдық бойынша тапсырыстар тізімі


