Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаржы шегіндегі ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізетіні туралы хабарлайды.
     Зерттеу өтінімі  конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы қажет.
     Конкурсқа ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары қатысады.
     Зерттеу өтінімдері хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбенің 30 күні ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы қажет:  010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі,        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 10-кіреберіс, 1049-бөлме.   
     Конкурстық құжаттаманы жоғарыда көрсетілген мекен-жайдан алуға болады.
     Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7172) 741659, 741918.