Жас қазақстандық ғалымдарға «Сапарларға гранттар» байқауы туралы хабарландыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОРЫ жас ғалымдар мен оқу орындарының студенттеріне Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен Конгрестерге қатысуға мүмкіндік беретін «Сапарларға гранттар» байқауын жариялайды.
Байқауға қазақстандық жас ғалымдар – университеттердің оқытушылары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, PhD докторлар, магистрлер, жоғары оқу орындарын бітіруші курс студенттері (магистратура және бакалавриат) қатыса алады.
Өтініш беру мерзімі: 2012 жылдың 20 қаңтарынан 2012 жылдың 30 қарашасына дейін.
Мекен-жайымыз: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Махатма Ганди көшесі, 10
Телефоны: 8(727) 2700-524, факс 8(727) 2700-550. E-mail: roza@fpp.kz
Байқау туралы ереже. Word форматынан жүктеу.
Байқауға қатысушының өтініші. Word форматынан жүктеу.


