КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (2011 ж.15 шілде)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» РМҚК директорының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды. (Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29, 3 қабат)
Институттың негізгі қызметінің түрлері:
- Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-мәдени және әлеуметтiк-саяси дамуы мен тәуелсiздiгiнiң нығаюына, оның зияткерлiк және рухани-адамгершiлiк әлеуетiн дамытуға бағытталған философиялық-дүниетанымдық, философиялық-әдiснамалық және саясаттану зерттеулерiн жүргiзу;
- әлемдiк және отандық философияның, әлеуметтанудың, мәдениеттанудың және дiнтанудың өзектi проблемаларының iргелi, қолданбалы және ғылыми-талдамалық әзiрлемелерiн жүзеге асыру;
- қазақ мәдениетi мен философиясының дүниетанымдық және теориялық әдiснамалық проблемаларын зерттеу;
- Қазақстандағы демократиялық процестiң өркендеуiне, азаматтық қоғамның негiзгi институттарының қалыптасуына, қоғамның философиялық, саяси және гуманистiк мәдениетiнiң дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ғылыми ұйымдарда басшылық қызметте бес жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы, Институттың бейініне сәйкес ғылым докторы дәрежесінің болуы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі қажет. Мемлекеттік тілді білу қаланады.
Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян;
4) нотариалдық рәсімделген білім туралы, ғылыми дәрежесі берілген туралы дипломдарының, еңбек кітапшасының немесе соңғы жұмыс орнынан қабылдау, босатылуы туралы бұйрықтың үзіндісінің көшірмесі;
5) 086-У нысанадағы денсаулық туралы анықтама;
6) фотосурет 3*4 (2 дана).
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім барлық құжаттардың түгел болған жағдайда ғана қабылданады.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру туралы құжаттардың, ғылым саласындағы еңбектерін тану туралы дипломдарының көшірмелерін, соңғы бес жыл ішіндегі ғылыми жарияланымдарын, соның ішінде шетелдік басылымдағы, патентер және т.с.с.) қосымша ақпаратты ұсынуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап, 30 күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, 1045 бөлмесі.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-24-67; 8 (7172) 74-24-57.


