2009 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтар туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2009 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтарды (жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтар (бірінші және екінші), гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтар (бірінші және екінші), педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы (бiрiншi, екiншi және үшiншi) сыйлықтар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы үш сыйлық, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы үш сыйлық, түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық) беруге арналған конкурстарды жариялайды.
Конкурстардың шарттары «Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар» бөлімінде орналастырылған.
Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газете хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінде қабылданады (010000, Астана қаласы, Оренбургская көшесі, 8, Министрліктер Үйі, 606 бөлме, тел. 74-24-62).
12.08.2009 г.










