Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнология орталығында болды - 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасының ұлттық биотехнология орталығында болды

    Үкімет басшысы Республикалық микроорганизмдер коллекциясы, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы; иммунохимия және иммунобиотехнология зертханаларының, сондай-ақ Ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасының жұмыстарымен танысты.
    Ұлттық Биотехнологиялық орталықтың бас директоры Ерлан Раманқұлов орталықтың жұмысы туралы кеңінен мәлімдеді. Оның айтуынша, ҰБО соңғы 5 жылда үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Мәселен, орталықтың ғылыми зерттеулер нәтижесінде, алғаш рет Қазақстанда Н5N1 құс тұмауына қарсы ветеринария саласына арналған вакцина жасалды. Қазақстан Республикасы аздаған елдердің ішіндегі, құс тұмауына қарсы өз вакцинасы бар елдер қатарынан орын алды. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша 2008-2010 ж.ж. 22,3 млн. вакцина мөлшері жасалып, елдің вакцинаға деген қажеттілігі толығымен қанағаттандырылды.
    2009 жылы A/H5N1 тұмауына қарсы Kazfluvac белсенді емес вакцинасын жасау технологиясы денсаулық сақтау жүйесі үшін әзірленді. Санкт-Петербор тұмау ҒЗИ және токсикология институты базаларында, сонымен бірге ҚР ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығында (Алматы) A/H5N1 тұмауға қарсы Kazfluvac белсенді емес вакцинасын клиника алдылық сынау жүргізілді. 2010 жылы аталған орындарда вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары басталды.
    Ветеринарияға арналған жануарлар мен құстардың мынадай ауруларына қой күлі, ұсақ мал обасы, аусыл, құтыру, бруцеллез және туберкулезге қарсы 28 диагностикалық тест-жүйе мен 26 вакцина өндіру технологиясы әзірленіп, өндірісі ұйымдастырылды.
    Қазақстанда алғаш рет топырақты мұнай қалдықтарынан тазартуға арналған тиімділігі жоғары отандық «Экобак» препаратын өндіру жолға қойылды. Осы препаратпен 2006 жылы Қарағанды-Шымкент мұнай құбырының жарылуы нәтижесінде ластанған 2,75 га жердің 12 000 тонна топырағы 3 ай ішінде толығымен тазартылды. Препаратты өндірістік сынақтан өткізу Атырау және Маңғыстау облыстарында да жүргізілді.
      Биотехнология әдістері негізінде бидайдың жаңа жоғары өнімді, қолайсыз климатқа және ауруларға төзімді 5 сорты шығарылды (Мирас – 38 ц/га –жатып және шашылып қалуға төзімді; Надежда – 40 ц/га – құрғақшылыққа төзімді сорт, Әлем – 43 ц/га – тозаңбас ауруына төзімді; Бәйтерек – 20 ц/га, құрғақшылық және күлгін тат ауруына төзімді сорт, Северянка - өнімділігі 27 ц/га, құрғақшылыққа төзімді), көрсетілген сорттар Қазақстанның төрт облысында аудандастырылған.
   Өнімділігі мен дән сапасы жөнінен өзге сорттардан өнімділігі жоғары күріштің жаңа Бақанас (өнімділігі 50 ц/га,) сорты, Алматы облысында және Қызылорда облысында аудандастырылған Мәдина (өнімділігі 60 ц/га,) сорттары шығарылды. 2009 жылы бұл сорттар 5000 га жерге себілсе, 2010 жылы 10 000 га жерге себілетін болады.
     Өсімдіктерді вируссыз клондау негізінде жетілдірілген тұқымдық картоп алу технологиясы әзірленді. Вируссыз тұқымдық картоп шаруашылығы технологиясы Қарағанды облысында енгізілді. Осы технология бойынша 2008 жылы 5000 тонна картоп өндіріліп, «Астра-Агро» ЖШС–гі (Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы) элиталық тұқым шаруашылығы атағын алды. Қазіргі таңда бұл технология Ақмола облысында өндіріске енгізілуде.
     Бифидумбактерин отандық препаратын өндіру технологиясы жасалып, оны Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүргізілді. Оны өнеркәсіптік өндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
    «Аспорагенді Биотурин» – Bacillus thuringiensis негізінде жасалған тақ жібек құрты мен мақта және сұр дән құртына қарсы экологиялық таза биопестицид әзірленді. Оның тәжірибелік-өндірістік регламенті даярланған, ұйым стандарты бекітілген. Аспорагенді Биотурин препараты Қазақстан Республикасында тіркеу сынағынан (тіркеу куәлігі №V-17) өтті. Колорада қоңызы мен кенеге арналған жаңа инсектицидтік «Битокситурин» препараты жасалды. Препарат Қазақстан Республикасында тіркеу сынағынан (тіркеу куәлігі №V-18) өтті.
    Бұршақ тұқымдас дақылдардың өнімділігін арттыратын (бұршақ, ноқат, жасымық) биологиялық препараттардың құрғақ және сұйық формаларын шығару технологиясы мен өндіру әзірленді. «Нитрагин» препаратын өндіру жөніндегі инновациялық патент пен тәжірибелік-өнеркәсіптік регламент ОПР 3990935-01-2008 даярланды. Препаратты «Достык 06» (Астрахан ауданы, Ақмола облысы) ЖШС 60 га жеріне қолдану арқылы бұршақтың өнімділігін 12%, «КазАгроИнновация» АҚ астық шаруашылығы ҒЗО 26% арттырды. Ноқат пен жасымық ұрықтарын препаратпен өңдеу олардың өнімділігін 14 және 17% арттырды.
   «Вектор» МҒО-мен (Новосибирск) бірігіп алғаш рет ішке қабылдайтын таблеткалық адамның рекомбинантты эритропоэтині жасалды. Қазіргі таңда препараттың клиника алдылық сынағы аяқталып, клиникалық зерттеудің бірінші сатысы басталды.
    Қызылшаға және паротитке қарсы микрокапсулалы вакцина даярланды. Бұл вакциналардың артықшылығы капсула түрінде, қазіргідей баланың 9 айлығында емес, 5 айлық кезінен бастап ішке пайдалануға мүмкін екендігінде. Препарат клиника алдылық сынақтан өтуде, осы жылы клиникалық сынақтың бірінші фазасы басталады деп күтілуде.
   Жараны жазатын альфа ісігі некрозы, ангиогенин және эритропоэтин негізіндегі препараттардың жаңа ұрпағы даярланды. Олар трофикалық жара, күйік, инфаркт және церебралды тромбоздарды емдеуде тиімді. Препараттар клиника алдылық сынақтан өтуде.