«Ел Президентінің Конституциялық бастамалары - демократияны одан әрі дамытудың факторы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті - 

«Ел Президентінің Конституциялық бастамалары - демократияны одан әрі дамытудың факторы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

    2009 жылғы 28 тамызда  «Ел Президентінің Конституциялық бастамалары - демократияны одан әрі дамытудың факторы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
     Конференцияға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанның көрнекті ғалымдары, белгілі заңгерлер, жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
      Конференцияға қатысушылар қазіргі азаматтық қоғамды қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін, елімізде бәсекеге қабілетті саяси жүйені қалыптастырудың болашағын талқылады.
     Конференцияда  ҚР Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев,  Конституциялық кеңестің мүшесі І. Бақтыбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ғ. Сапарғалиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты К. Бұрханов және тағы басқалар баяндама жасады.