Алғашқы жастар инновациалық конвенті
19 қыркүйек 2009 жылы сағат 10:00-де Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қор ғимаратында Бірінші жастар инновациялық конвенті өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының білім және ғылым, өнеркәсіп және сауда, сыртқы істер министрліктерімен; Ресей жаратылыстар ғылым академиясы, Қазақстан ұлттық жаратылыстар академиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі «Парасат», Ресей ғылым академиясының экономикалық стратегия институты, РФ Президентінің қарамағындағы Ресей ұлттық академия қызметі, П.Сорокина - Н.Кондратьева Халықаралық институты, Халықаралық стратегиялы инновационды-технологиялық альянсі, Болашақты зерттеу халықаралық академиясымен (Ресей) бірлесіп «Өркениеттің болашағы және серіктестіктің өркениетті стратегиясы» атты III-ші өркениетті форумын өткізу аясында ұйымдастырылған.
Конвент мақсаты – еліміздің инновациялық қызметінде мадақтау кешенінің жүйесін құру, жастар арасында оған деген қызығушылығын өсіру, инновациялар бойынша мамандар ұйымын құру. Конвент жастар жағын инновациялық қызметке қосылуына себеп болуға, болашағы бар инновациялық проектерді анықтауға құрылған.
Конвентке қатысқандар: Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы Қуанғанов Ф.Ш., Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда Министрлігінің вице-министірі Раев Н.Т., Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің ғылым Комитетінің төрағасы Оңғарбаев Е.А., Ресей жаратылыстар ғылымы академиясының Президенті Кузнецов О.Л., Қазақстан Ренспубликасының Бірінші Президентінің Қорының атқарушы директоры Мұхамеджанов Б.Г., РФ Президентінің қарамағындағы Ресей ұлттық академия қызметінің Профессоры Спицын А.Т., Питирима Сорокина-Николая Кондратьева Халықаралық институтының Президенті Яковец Ю.В.
Конвент аясында инновациялық сипаттағы ынталы ғылыми зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстарымен жас ғалымдар арасындағы Шарықтау 2009 Конкурсының жәңімпаздарына сыйлықтар тағайындалды. Әр номинацияның ақшалай құны 1млн. теңгеге тең. Қазақстанның жас ғалымдарына қолдау көрсету және ары қарай ғылым қызметіне ынталандыру мақсаттарымен басты ғылымды дамыту бағыттарында инновациялық сипаттағы перспективалық, ынталы ғылыми зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды іріктеу және грант беру арқылы қаржыландыру Конкурстың басты мақсаты болып есептеледі.
Ақпарат Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Қорының сайтынан










