23 апреля 2009 г.

Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

   20 сәуір кїні Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Саудабаев Қанат Бекмырзаұлының төрағалығымен Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі республикалық комиссияның алғашқы отырысы өтті.
   Бұл Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан азаматтарына отандық ғылымның дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін екі жылда бір рет Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы тапсырады.
   Комиссия отырысында Мемлекеттік сыйлықты алу їшін ұсынылған жұмыстар туралы ақпаратпен  Комиссия хатшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғанов сөйледі.       2009 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алу їшін барлығы 16 жұмыс келіп түсті.
   Комиссия 2009 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алу їшін ұсынылған жұмыстардың тізімін қарастырды және бекітті, сондай-ақ жұмыс жоспарын қарастырды.