Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының (ХҒТО) өкілдерімен кездесті
2009 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының өкілдерімен кездесті.
ХҒТО тарапынан орталықтың атқарушы директорының орынбасары Лео Овсяцки және осы ұйымның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Н.П.Томаровская қатысты.
Кездесу барысында ынтымақтасу мәселелері, оның ішінде ХҒТО-ның шеңберінде қазақстандық жобалардың қаржыландыруы талқыланды.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық - Еуропалық Одақ, АҚШ, Жапония, Ресей үкіметтері қолдауымен құрылған үкіметаралық ұйым. ХҒТО-ның басты мақсаты - ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру.
Бұл ұйымның Қазақстандағы өкілдігі 1995 жылдан бастап қызмет етуде.
Осы кезге дейін қазақстандық ғалымдар ұсынған 350-ден артық ғылыми жобаларынан 191 жобасы жалпы 56 млн. доллардан артық сомасымен қаржыландырылған. ХҒТО-ның жобаларын жүзеге асыруға 2000 қазақстандық ғалымдар қатысуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасында қаржыландыру көлемі және қаржыландырылған жобаларының саны бойынша Ресейден кейін екінші орынды алып отыр.
2008 жылғы желтоқсан айынан бастап бұл халықаралық ұйымда Қазақстан Республикасының өкілі қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев атқарады.


