16 ноября 2008 г.

«Ғылымның жоғары технологиялық саласындағы жаңа зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел

«Ғылымның жоғары технологиялық саласындағы жаңа зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел

2008 жылғы 8 қарашада ҚР Білім және ғылым министрлігінде «2008-2010 жылдардағы ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын анықтау үшін форсайттық зерттеулер жүргізу» жобасы шеңберінде «Ғылымның жоғары технологиялық саласындағы жаңа зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР БҒМ Ғылым комитеті басшылары, еліміздің ЖОО мен ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысып, аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Биыл ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын болжау және ұлттық инновациялық жүйесін дамыту негізінде «2008-2010 жылдардағы ғылыми-техникалық дамудың басымды бағыттарын анықтау үшін форсайттық зерттеулер жүргізу» атты республиканың бірқатар ғылыми және өнеркәсіп ұйымдары арасында мемлекеттік бюджеттік бағдарлама бойынша зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер жүргізудің жауапты атқарушысы - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Отандық ғалымдар әлемдік ғылым мен технологиялардың жаһандық тенденциялары, жетекші елдермен салыстырғандағы еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің даму болашағы мен оның жағдайы, жаңа технологияларды қолдана отырып отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың аса маңызды бағыттары бойынша зерттеу жүргізеді. Осы орайда, математикалық және бағдарламалық қамсыздандыру негіздерін қалыптастыруға және ғылыми-техникалық прогрестің ұзақ мерзімді тенденцияларына тұрақты түрде мемлекеттік жүйелі анализ жүргізу мақсатында технологиялық болжаудың әдістерін жетілдіру үшін ақпараттық технологияларды енгізуге баса назар аударылады.

 

Басты параққа қайту