«Ғылым мен білім – елге» атты ғылыми-практикалық конференция
2008 жылы 10 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Ғылым мен білім – елге» атты ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияға қатысушылар, олардың қатарында мемлекеттік органдардың, Ұлттық ғылым академиясының, ғылыми ұйымдардың, Қазақстанның жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру орындарының және жұмыс беруші мен дамыту институттарының өкілдері ғылым, жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің саласының ахуалдарын және даму перспективаларын талқылады.
Пленарлық отырыста кеңейтілген баяндамамен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев сөз сөйледі және өз сөзінде Министр конференция қатысушыларға Қазақстан ғылымының әрі қарай дамыту міндеттері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жайлы, ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша жеткен жетістіктері жайлы және ғылымды дамытудағы басымдылық бағыттары бойынша алда тұрған міндеттер туралы, сондай-ақ жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ахуалы туралы хабардар етті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев 55 кәсіптік және техникалық білім беру мекемесіне жалпы құны 3,1 млн долларды құрайтын мультимедиялық оқыту класс-комплектін, станоктар, манипуляторлар, бағдарламамен қамтылған тренажерлар құрайтын интерактивтік білім беруге арналған құрылғылар кешендерін табыс етті.
Сонымен қатар, пленарлық отырыста белгілі ғалымдар, Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегелері М. Өтелбаев және С.М. Әдекенов, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Ә.Ә. Әбжаппаров және «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А.Т. Перуашев сөз сөйледі.
Конференция жұмысы барысында мынадай бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтті: «Қазақстан Республикасында жаратылыстану ғылымдарының даму жетістіктері мен болашағы», «Физика, математика және ақпараттық техногиялардың көкейкесті мәселелері», «Кадрларды дайындау мәселелеріндегі дамыту институттары мен ЖОО-ның ынтымақтастық аспектілері», «Жұмыс берушілердің түлектерді жұмысқа орналастыру процесіне қатысуы», «Ғылым және техникалық-кәсіптік білім».
Жиын шеңберінде ғылым саласындағы, сондай-ақ экономика саласын бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етудегі жетістіктер қойылған көрме ұйымдастырылды. Оны ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов, ҚР Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев және Парламент комитеттерінің басқа да жетекшілері тамашалады.
Көрме шеңберінде өткізілген Астана – Алматы, Өскемен, Шымкент телемостары арқылы шараға қатысушылар Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті жандарында жаңадан ұйымдастырылған инженерлік профильдегі зертханалардың басшыларымен байланыс етті.
Конференция кезінде Каспий мемлекеттік инжиниринг және технологиялар университеті мен «Коноко Филлипс Норт Каспиан ЛТД» компаниясының филиалы арасында кадрлар даярлау саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Конференция шеңберінде 2008 жылы ғылымның түрлі салаларындағы жетістіктері үшін Қ. Сәтбаев, Ы. Алтынсарин, М. Әуезов, Д. Қонаев және Күлтегін атындағы сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті.


