Мемлекеттік стипендияларды тағайындау бойынша конкурс
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010-2012 жылдарға арналған ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға (75 стипендия) және талантты жас ғалымдарға (150 стипендия) мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруге арналған конкурс жариялайды.
Конкурстың шарттарын осы сайттың «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бөлімінен алуға болады.
Конкурстардың материалдарын авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газете хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Оренбургская көшесі, 8, Министрлік Үйі, 606 бөлме, тел. 74-24-62 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті.


