Конукурс туралы хабарландыру (2011 ж. 16 тамыз)

 

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, «Сейсмология тәжірибе-әдістемелік экспедиция» мемлекеттік мекемебасшысының  бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды. (Алматы қаласы, әл-Фараби данғылы, 75)
    Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметінің түрлері:
- жер сілкінуді болжау мақсатында Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аудандарында кешенді зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
- далалық аспаптармен бақылау жасап, тұрақты стансалар желісінде сапалы және үздіксіз сейсмалық, геофизикалық, гидрохимиялық, гидрогеодинамикалық, демографиялық, сейсмобиологиялық ақпараттар алып, алынған ақпараттарды алғашқы өңдеуден өткізу;
- зерттелетін аумақтың сейсмалық тәртібін бақылау бойынша тақырыптық жұмыстар өткізу.
   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ғылыми ұйымдарда басшылық қызметте бес жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы, мекеменің бейініне сәйкес ғылыми  дәрежесінің  болуы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі қажет. Мемлекеттік тілді білу қаланады.
     Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян;
4) нотариалдық рәсімделген білім туралы, ғылыми дәрежесі берілген туралы дипломдарының, еңбек кітапшасының немесе соңғы жұмыс орнынан қабылдау, босатылуы туралы бұйрықтың үзіндісінің көшірмесі;
5) 086-У нысанадағы денсаулық туралы анықтама;
6) фотосурет 3*4 (2 дана).
    Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім барлық құжаттардың түгел болған жағдайда ғана қабылданады.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру туралы құжаттардың, ғылым саласындағы еңбектерін тану туралы дипломдарының көшірмелерін, соңғы бес жыл ішіндегі ғылыми жарияланымдарын, соның ішінде шетелдік басылымдағы, патентер және т.с.с.) қосымша ақпаратты ұсынуға болады.
    Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап, 30 күн ішінде мына  мекен-жайда қабылданады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, 1045 бөлмесі.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-24-67; 8 (7172) 74-24-57.