ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМҚК директорының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды. (Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28)
Институттың негізгі қызметінің түрлері:
- тарих ғылымдары, этнология (этнография) мен антропология саласында іргелі қолтанбалы зерттеулер жүргізу;
- ежелгі және ортағасырлық тарихты қазақ мемлекеттігінің пайда болуы мен дамуы; қазақ халықының ұлт-азаттық қозғалысты тарихы, жаңа қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы, мәдениет тарихы, антропологиялық және экономикалық зерттеулер, Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректануы; Қазақстан Республикасының тарихы контекстінде зерттеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ғылыми ұйымдарда басшылық қызметте бес жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы, Институттың бейініне сәйкес ғылым докторы дәрежесінің болуы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі қажет. Мемлекеттік тілді білу қаланады.
Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян;
4) нотариалдық рәсімделген білім туралы, ғылыми дәрежесі берілген туралы дипломдарының, еңбек кітапшасының немесе соңғы жұмыс орнынан қабылдау, босатылуы туралы бұйрықтың үзіндісінің көшірмесі;
5) 086-У нысанадағы денсаулық туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім барлық құжаттардың түгел болған жағдайда ғана қабылданады.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру туралы құжаттардың, ғылым саласындағы еңбектерін тану туралы дипломдарының көшірмелерін, соңғы бес жыл ішіндегі ғылыми жарияланымдарын, соның ішінде шетелдік басылымдағы, патентер және т.с.с.) қосымша ақпаратты ұсынуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап, 30 күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, 1045 бөлмесі.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-24-67; 8 (7172) 74-24-57.


