Қаржы басқармасы

Қаржы басқармасы қызметінің негізгі бағыттары

  • Ғылыми мекемелер, ұлттық ғылыми орталықтар экономикасының жағдайының анализін жүзеге асыру;
  • бекітілген нормалар және сметаларға сәйкес тапсырмалар, мемлекеттік шарттар мен бағдарламалардың мақсатты  қолданылуы бөлігінде орындалуын бақылау;  
  • республикалық бюджеттен қаржыландыруға жобалар, келешектегі және ағымдағы жоспарлар, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру;
  • бюджеттік қаржыландырумен бекітілген жинақтық шығындар сметасын, тоқсандық бөлуді құрастыру;
  • басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми мекемелер мен ұйымдардың қызметін кешендік тексеруге қатысу;
  • белгіленген стандарттар ұстанымы негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оны жүргізу ережесін жүзеге асыру және:
  •  түсетін ақша қаражатының, тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, инвестицияның есебін жүргізу, бухгалтерлік есептегі операцияларды, олармен байланысты қозғалысты көрсетуге;
  • қағаздық және электрондық алып жүрудегі бухгалтерлік құжаттар формасын әзірлеу және бекітуге;
  • бухгалтерлік есептегі бастапқы құжаттар қозғалысының кестесін (басқа ұйымдардан алу және құру, есепке алуды қабылдау, өңдеу, мұрағатқа құжаттық айналымды өткізу) әзірлеу және бекітуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кезең аралығында қағаздық және электрондық алып жүрудегі бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрлерін, қаржылық есеп беруді, есептеу саясатын, есепте тұрған мәліметтерді электрондық өңдеу бағдарламасын сақтауға;Республикалық бюджетке салықты, жинауды, төлемдерді, әлеуметтік сақтандыру жарналарын   көшіруге және аударуға;
  • кредиторлармен, бюджетпен уақытылы есеп айырысуға;
  • бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша міндеттемелер мен мүліктік ақиқаттылыққа сәйкес түгендеуді жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.