Комитет туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Жауапты хатшысының
20__ жылғы «____»________№____
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің және Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өз атауымен мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде заңнамаға сәйкес шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар, егер ол заңнамаға сәйкес уәкілетті болған жағдайда.
5. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
6. Комитеттің штат саны және құрылымы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны шектелімінің шеңберінде, Министрдің келесімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
7. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11 кіреберіс.
8. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі.
9. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
10. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
11. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) ғылым саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаны іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен қарастырылған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар және жобалар бойыншаміндеттемелерді іске асыру;
4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізуді ұйымдастыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік және қаржылық тәртібіне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
6) Комитет әзірлеген Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберу;
7) Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау үшін тұрақты негізде Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты мониторингті жүргізеді және әр тоқсанның соңғы айының бірінші күніне дейін жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты Заң департаментіне ұсынады;
9) Комитетке бағынысты ұйымдардың жарғысын әзірлеу, келісу және бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
10) Жоғары оқу орындарының жанындағы ұжымдық пайдалану ғылыми зертханалардың және инженерлік бейіндегі зертханалардың қызметін үйлестіру;
11) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы мемлекеттік ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
12) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
12. Комитет өз құзыреті шегінде өз міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында мынадай құқыққа ие:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға;
2) Комитет қызметінің белгілі саласына жатқызылған мәселелерді пысықтау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік мамандарды тартуға;
3) шетел мемлекеттерінің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасауға;
4) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтік-кеңесші және сараптамалық органдар (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар) құруға;
5) мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ғылыми ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге;
6) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік меншік құқықты субъектілерінің функцияларын жүзеге асыруға, республикалық меншікке жататын акционерлік қоғамдардағы (серіктестіктердегі) мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлесін) және басқа да мүліктерге иелік етуге және пайдалануға;
7) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізуге;
8) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізуге және шет елдердегі мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгізуге;
9) ақпаратты тұсаукесер іс-шараларын (форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және басқа да іс-шаралар), сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың проблемалық мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің оқшау мүлкін жедел басқару құқығына ие.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлардан, айналым қаражаттарынан, сондай-ақ Комитет балансында көрсетілетін басқа да мүліктерден тұрады.
4. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитетің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі кызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының ұсынымымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары болады.
17. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
18. Комитет төрағасы белгіленген заңнамалық тәртіп бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік ғылыми ұйымдардағы ғылыми кеңестің ұсыныстарын есепке ала отырып, осы ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
19. Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда:
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
4) штаттық сан лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің келісімімен штаттық кестені бекітеді
5) Комитеттің қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік жазалар қолданады;
6) Комитеттің бұйырықтарына, келісім-шарттарына қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығы бар;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
8) cыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді, жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
9) Ғылым саласын дамытудағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асыуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді
20. Комитеттің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымдық тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде белгіленеді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


